ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Четверг, 28 Сентябрь 2023 06:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 376 раз

Сіздерді «Шымкент - Жасыл қала» атты онлайн сауалнаманы өтулеріңізді сұраймыз. Бұл сауалнама қаланың дамуының әр түрлі экологиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша ағымдағы жағдайды бағалау және ұсыныстарды жинау үшін арналған.

Сіздердің пікірлеріңіз келесі бірнеше жыл үшін әрекеттер жоспарын құруға көмектеседі. Бізге сіздердің пікірлеріңізді ескеру өте маңызды және келесі айларда «Жасыл қала әрекеттерінің жоспары» сіздердің қарауларыңызға ұсынылатын болады. Сауалнама анонимді екенін ескеріңіз. Біз сіздердің жеке деректеріңізді жинамаймыз және сақтамаймыз. Барлық нәтижелер өңделген күйінде көрсетіледі.

Сауалнаманы толтыру 10-15 минут уақытты алады.

Сауалнамаға өзіңіз қалаған тілдегі сілтеме арқылы қатыса аласыз.

Қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/CH6CFS3?lang=kk

Орыс тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/CH6CFS3

Құрметпен,

Шымкент қаласы Әкімшілігінің және Еуропалық қайта құру және Даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл қала әрекеттерінің жоспары» жобасының командасы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.