Хабарландыру

Пятница, 10 Март 2023 06:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 727 раз

«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады

 

2023 жылдың 14 наурызы күні «БЖЗҚ» АҚ «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сақтандыру ұйымдарына, оның ішінде бірлескен (немесе отбасылық) зейнетақы аннуитетін пайдалана отырып аудару арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігін жүзеге асыруға болатындығы туралы хабардар ету.

Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ұсынатын және зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) зейнет жасына толғаннан кейін немесе заңда белгіленген зейнет жасына дейін өмір бойғы төлемдер алуды бастауға мүмкіндік беретін өнім. Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті – БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін басқа кіріс көздері болмауы әбден мүмкін болашақта қажеттіліктерді төлеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.

Салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан ала ма, әлде ӨСК-ден ала ма, таңдауды өзі жасайды. Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарты бар салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап кемінде екі жылдай уақыт өткен соң зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қайтару мүмкіндігі заңнамалық түрде енгізілді.

Іс-шара барысында Қордың өңірлік бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) және басқа да қатысушыларға осы жаңалықтарды пайдаланудың іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктеме, сұрақтарға жауап және жеке кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 14 наурызда сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

   1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

   2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

 3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

         Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

           1 сессия-https://enpf.webex.com/weblink/register/rbcac1e7b0b7577bcacfdb6b0194d6b27сілтемесімен өту керек.

         2 сессия-https://enpf.webex.com/weblink/register/red0cbf145547168340876e0a6d2cdfe0

сілтемесімен өту керек.

         3 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r800d64fe9ca2c304f5e7de718620d979

сілтемесімен өту керек.    

      

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары (алушылары) мен барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ... Айтулы күннен ақпарат »