Үшінші мегаполисте өткен жылдың соңында жаңа Тұран ауданы құрылған болатын. Осыған байланысты бүгінде 5 ауданның шекарасы нақтыланып, әр аудандағы мекенжайлар «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тиісті өзгертулер бойынша енгізілуде.

68

ГАЗ, СУ, ЖЫЛУ... ТАРИФ ТҰРАҚТЫ

Среда, 25 Январь 2023 03:55

Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев мәлімдеді. Қалалық әкімдікке қарасты ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде жауапты маман «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты бойынша баяндама жасады.

766

ОРТАЛЫҚҚА ОН 5G СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛАДЫ

Пятница, 20 Январь 2023 06:31

Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Туғанбай мәлімдеді. Спикердің мәліметінше, басқарма 2023 жылы бірқатар
маңызды мақсат бойынша жоспарлы жұмыс атқармақ.

758

ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ МЕРЗІМІ ӨТСЕ...

Пятница, 20 Январь 2023 06:22

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-ларда жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеуге өтініш білдірген тұрғындар саны көбейді. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» компорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері төлқұжат пен жеке куәлікті қалай алуға болатыны туралы айтып берді.

751

Шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталады

Шетелдік көлік тізгіндеген жүргізушілер үшін жағымды жаңалық айтайық. Елімізде жүрген мұндай көліктерді ресми түрде заңдастыру рәсімі келесі дүйсенбіден басталады. Мемлекет басшысы бұл туралы былтырғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтып өткен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру өткізу туралы жариялады.

706

ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА ТАПСЫРАДЫ

Среда, 11 Январь 2023 06:05

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің хабарлауынша, 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтиханды жаңа мекенжайда тапсыруға болады: Достық шағынауданы, 2343/1, мамандандырылған ХҚО ғимараты. Бұған дейін бұл жерде практикалық емтихан ғана қабылданатын еді. Жаңалық жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалып отыр.

615

Үшінші мегаполисте кезекті ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып отыр. Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында «Тассай» индустриалды аймағында жобалық құны 2,5 млрд теңгені құрайтын «DentaFill Kazahstan» дайын дәрілік заттар өндіру зауыты іске қосылды. Телекөпір барысын Ташкент қаласында ресми сапарында тамашалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация құрамында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те бар.

139

Қазақстанда енді жастар саны бұрынғыдан да артады. ҚР Парламентінің Сенаты бұдан былай 35 жасқа дейінгі азаматтар да жастар санатына енетіні туралы заңды мақұлдады. Депутаттар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қарап, қабылдаған.

117

Страница 1 из 53