ҚҰРСАЙДА ИНТЕРНЕТ – 100 ПАЙЫЗ Избранное

Среда, 17 Август 2022 04:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 843 раз

Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен 14 елді мекенге базалық станция орнатылса, биыл 12 елді мекенді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда бірқатар елді мекенде базалық станцияларды орнату жұмыстары жүріп жатыр.

310

 

Атап айтқанда, мамандар Қайтпас- 1 және Құрсай шағынаудандарында оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Құрсай шағынауданы оптика желісімен толық қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
Қайтпас-1 шағынауданындағы Академия, Ғалымдар, Жаскент, Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Ал Көркем, А.Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылып, үйлерді серверлік порттарға қосу жұмыстары аяқталуға таяу.
Жоспарға сай, қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желісімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ «Әділдікті талап ет!» »