Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсат – жастардың білімге, оқуға құлшынысын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
«IQ ZHASTARY» осы уақытқа дейін төрт ауданда өтіп, оған қатысқан 100-ге жуық жас бақ сынаған болатын. Қатысушылар білім мен біліктілік, пайым мен парасат, тапқырлық пен шапшаңдық қабілеттері бойынша сынға түстіп, финалдық ойынға 24 қатысушы жолдама алды.
Жас дарындар арасында қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жас журналистер мен кәсіпкерлер, блогерлер бар.
Кіл мықтылар өз дайындығын сынға салған жарыс тартысты өтіп, қорытындысында жеңімпаздар орталықтың атынан арнайы дипломдарпен марапатталды.
Айдана МҰХТАРОВА