«ОРТЕКЕ» – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН Избранное

Среда, 17 Август 2022 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 992 раз

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитеттің бірлесуімен қазақтың ұлттық биі «Ортекені» балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау үшін оқушылар арасында «Ортеке – балалар көзімен» атты республикалық сурет салу байқауы өтеді.

314

 

«Ортеке» ұлттық биін ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу жоспарланып отыр.
Республикалық байқауға еліміздегі орта білім беретін мектеп оқушылары, қосымша білім беру мекемелері мен балалар мен жастар ұйымдарының білім алушылары, сондай-ақ, Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының қауымдастығы мен ЮНЕСКО-ның ассоциацияланған мектептерінің оқушылары қатыса алады.
Қосымша мәлімет алу үшін және республикалық байқау бойынша туындаған сұрақтар жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне (жауапты орындаушы – Беисова Жанар Сагимбаевна, 8 7172 91 90 35, 8 702 439 38 51) хабарласуға болады. Республикалық байқаудың Ережемен Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында танысуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Сауалнамаға қатысыңыз Мектепке дайынбыз »