«ДОМАЛАҚ АНА» көрерменге жол тартты Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1023 раз

Шымкентте опера және балет театры ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне «Домалақ ана» операсының премьерасын тарту етті.

214

 

«Домалақ ана» операсы – Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера. Жаңа қойылым елімізде алғаш рет сахналанып отыр. Асхат Маемировтың либреттосына жазылған Тасқын Жармұқамедтің туындысы – егемен еліміз үшін тарихи оқиға, жаңа белес болып отыр.
Қазақ тарихындағы аты аңызға айналған абыз ананың өзіне тән қасиетті бейнесі қойылымда тереңдікпен жеткізілген. Жас қыз Нуриланың ана атанып, өсиет пен рухани құндылықтарға және аналық мейірге толы ғұмыры арқылы ана махаббаты суреттелген.
Жаңа қойылымды сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандарының қатысуымен сахналанды. Домалақ ана партиясын ҚР Еңбек сіңірген әртісі, қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, Бәйдібек биді тенор, Халықаралық байқаулардың лауреаты Мадихан Дуйсеев, Жұмабек Қаңтарбаев орындады.
«Домалақ ана» операсы бұдан кейін әлемдік сахнаға жол тартады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.