ҚАРАҚАТ – КӨКТЕМ АРУЫ Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2338 раз

Шымшаһарда дәстүрлі «Көктем аруы – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды. Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өткен қыз сынында 16 мен 25 жас аралығындағы сымбатты да сұлу 30 ару бақ сынады.

216

 

Алдымен «Аналарды ардақтайық» акциясы ұйымдастырылды. Онда ел мерейін асыратын ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісіне сүбелі үлес қосқан, Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, демеу болып жүрген өз саласындағы 30 үздік жастың аналары қала әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Арулар байқауда 4 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетуге тырысты. Зияткерлік сайысында өздеріне түскен сауалдардың мәнін ашып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әнгімелеп берді.
Байқау нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде мамандандырылған «Дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы Қарақат Орынбасарға бұйырды. Бірінші орынды М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Аружан Арыстан алса, екінші орын Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп лицейінің 11-сынып оқушысы Аяна Шоханқызының еншісінде. Ал үздік үштікті ОҚМПУ студенті Аружан Жұматайқызы қорытындылады.
«Көктем аруы – 2021» байқауына Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Манатбекұлы, зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары, жастар істері жөніндегі комитеттің төрағалары, жастар ұйымдары іс-шара қонақтары сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.