Шымкентке «Алтын белгі» жүлдесі не үшін берілді? Избранное

Среда, 20 Январь 2021 03:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1092 раз

ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Kundelik.kz» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде Шымкент қаласы «Алтын белгі» жүлдесімен марапатталды. Марапатты «Kundelik.kz» ЖШС директоры Марат Ищанов қала әкімі Мұрат Әйтеновке табыстады.

559

 

– Мұндай жетістікке білім басқармасының, мұғалімдердің және ата-аналардың белсенділігінің нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Электронды құжаттарды қолдану және жетік меңгеру – заман талабы. Қашықтан білім беруде біздің ұстаздарымыз өздерінің білімі мен біліктілігін көрсетіп қана қоймай, республикада үздік екенін дәлелдеді, – деді қала әкімі.
Марапаттау рәсімінде білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлына мектептерді компютермен жабдықтауды және қаладағы мектептер мен елдімекендерді сапалы интернетпен қамтуды қадағалағаны үшін алғысын айтты.
Kundelik.kz электронды журнал жүйесі 2016 жылдан өзара келісім-шарт негізінде мемлекеттік-жекемешік серіктестік аясында жұмыс істеп келеді. Елдегі індетке байланысты қашықтан білім беруде электронды журналдың маңыздылығы артты. Биыл алғаш рет 2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығы қорытындыланып, электронды журналдың ең белсенді пайдаланушылары марапатталды.
«Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Шымкент қаласының мектептеріндегі ресми құжат саналады. Қазіргі таңда бұл жүйеге қаладағы 151 мектеп қосылған. Электронды құжатты 20 003 мұғалім сапалы және уақтылы толтырып, белсенділік танытқан.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.