«Ақылды» өткел жобасы іске асады Избранное

Среда, 20 Январь 2021 03:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1092 раз

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов шаһар басшысына биыл атқарылатын жоспарлар туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, 2020 жылы байланыс операторлары әкімдікпен бірлесіп, 11 базалық станция орнатып, 16 тұрғын алапта талдау жұмыстарын жүргізді.

560

 

2021 жылы шалғайдағы тұрғын алаптарда 14 базалық станция, жеке инвесторлармен қаланың 16 шағынауданы мен тұрғын алаптарына оптикалық кабельді орнату көзделуде.
Биыл Open Shymkent Шымкент қаласының мемлекеттік қызметтері мен сервис порталы құрылады. Бірыңғай портал деректерді жаңарту және визуализация, қарапайым азаматтарға қолайлылық пен қолжетімділік, мәліметтер базасын сақтау, мемлекеттік жүйелермен интеграциялау, бір терезе қағидасы және қаланың басқа сандық қызметтерімен интеграциялауға мүмкіндік береді.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, биыл Темірлан тасжолы бойында жаяу жүргіншілерге арналған «ақылды» өткел жобасын іске асыру көзделуде. Бұл – тұрғындар қауіпсіздігі үшін қажет жоба. Нақтырақ айтқанда, тұрғындар жаяу жүргіншілер жолағына аяқ басқанда көліктер үшін лазер сәулесі белгі береді. Жобаны «NurcomTel» компаниясы пилоттық режимде жеке қаржысы есебінен қолға алады.
Қала әкімі адам өмірі – ең құнды байлық екенін алға тартып, мұндай жобалардың өте қажет екенін мәлімдеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.