КӨШБАСШЫ АТАНҒАН МЕКТЕП Избранное

Среда, 20 Январь 2021 03:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 481 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар шағын ауданындағы №89 мектеп-лицейге барып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты.

553

 

Қаладағы №89 мектеп-лицей 2011 жылы пайдалануға берілсе, 2012 жылдан бастап экологиялық бағытта білім беріп келеді. Қазіргі таңда мектепте 2223 оқушы мен 187 мұғалім бар.
Мектеп ғимаратын аралаған қала әкімі шахмат үйірмесінің жұмысымен танысты. Білім мекемесі 2012 жылы балаларға шахмат үйретуді қолға алған. Үйірмеге 1-11 сынып аралығындағы 220-дан астам оқушы қатысады. Одан бөлек, бастауыш сыныпта дене шынықтыру пәніне шахмат сабағы қосылды.
Шахматтан әлем чемпионы, еліміздің мақтанышы Жансая Әбдімәлік үйірме қатысушыларына шахматтан шеберлік сабағын өткізіп, болашақта чемпиондар тәрбиеленіп шығуына тілек білдірді.
№89 мектеп-лицей 2018 жылы республика көлемінде оқушылардың шахмат үйренуіне және оларға жасалған қолайлы жағдай бойынша үздік деп танылған болатын.
Мұрат Дүйсенбекұлы мектеп-лицейдегі пирамида пішіндес жылыжайды да аралап көрді. Жылыжайда жер шарының үш белдеуінде өсетін жеміс-жидек, гүл мен ағаш жерсіндіріліп, өсіп тұр. Жаратылыстану зертханасы ретінде салынған жылыжайда қазір 800-ге жуық өсімдік түрі өседі. Бүгінде зертханада 100-ге жуық оқушы баламалы энергия өндіру бойынша ғылыми жұмыс жүргізіледі. Бұл жерде жасалған 4 жоба республикалық байқауға жолдама алған.
Айта кетсек, оқушыларды теориялық білім мен тәжірбиені ұштастыра отырып ғылымға баулу мақсатында қаладағы 13 мектепте типтік үлгідегі жылыжай салынған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.