ЭЦҚ-НЫ ОНЛАЙН АЛУ ЖОЛДАРЫ Избранное

Среда, 20 Январь 2021 03:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1093 раз

Электронды цифрлы қолтаңба – тұрғындар арасындағы ең танымал қызмет. 2020 жылы Шымкенттегі ХҚО арқылы 200 мыңнан астам ЭЦҚ берілген.

556

 

Мемлекеттік корпорация мамандары ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ, қашықтан алу әдісін түсіндіреді. Сонымен, ЭЦҚ алу үшін сізге қажет:
* Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты;
* SMS-хабарлама алу мүмкіндігі бар телефон;
* Компьютеріңізде веб-камера;
* Және компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
Алдымен egov.kz порталының басты бетіндегі «ЭЦҚ қашықтықтан алу» батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басу керек. Содан кейін мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізу керек.
Ал егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады. МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді.
«ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басыңызды растау үшін (Digital ID жасау), «Бастау» батырмасын басу қажет.
Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге сыятындай етіп, фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне-сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басу керек. Әрі қарай сізге бейне-сәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек.
Бейне-сәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет. Содан кейін жеке куәліктің фотосуретін қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз. Ары қарай электронды мекенжайды өтініштің электронды нұсқасына қосу керек және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберуге болады.
Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және «Ашу» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап тауып, енгізіңіз және «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
– Осы орайда қала тұрғындарына электронды цифрлық қолтаңбаны сақтау және пайдалану мәдениетін қалыптастыру керегін ескерткім келеді. ЭЦҚ иелері өздерінің электронды цифрлық қолтаңбаларын барынша сақтауы керек. ЭЦҚ-ны жеке папкаға сақтаңыз. Стандартты парольден өзгеше жеке құпиясөз орнатыңыз. Сондай-ақ кілттеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз, - дейді Мемлекеттік корпорацияның
Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Мамандар, сонымен қатар, электронды пошта немесе телефон арқылы жарамдылық мерзімі туралы хабарлама орнатуды ұсынды. Бұған қоса ЭЦҚ қолдану мерзімін egovmobile мобильді қосымшасынан көруге болады. Бұл азаматтарға pki.gov.kz порталындағы жеке кабинетіндегі ЭЦҚ қолданылу мерзімін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ұзартуға мүмкіндік береді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.