ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ? Избранное

Среда, 27 Март 2024 05:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 139 раз

Абай ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан аумағы саналады. Ауданда 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық, 1274 көшеде 230 әлеуметтік нысан орналасқан.

Abai6

 

Инфрақұрылымға көңіл бөлінуде

Бүгінде қала сыртындағы елді мекендерді инфрақұрылымдық жүйемен қамту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Абай ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2023-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілген. Аудан аумағындағы 27 елді мекеннің халық шоғырланған бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ, аудандағы барлық елді мекен сапалы ауыз сумен толық қамтылған. 2022 жылы 3 елді мекенде — Нұршуақ, Ынтымақ-2 және Батыс шағынауданында жобалық құны 7,1 млрд. теңгені құрайтын ауыз су желісінің жүргізілген. Осының нәтижесінде ауданда елді мекендерді ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
2022 жылы ауданда 3 елді мекенде — Нұршуақ, Жаңаталап және Батыс шағынауданында электр желісінің құрылысы жүргізіліп, жарықпен қамту көрсеткіші 98 пайызға жеткен.
Былтыр Қаратау ауданынан өткен Қайнарбұлақ және Асар-2 шағынауданында сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Қайнарбұлақта құрылыс аяқталған, ал Асар-2 шағынауданында жұмыс әлі жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын биылғы екінші тоқсанда аяқтау жоспарланған.
Осы жұмыстар аяқталса, аудан аумағындағы электр жарығымен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады.
Ауданда 23 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Газ бармаған 4 ауылдың 3-уінде қазір құрылыс жүргізілуде. Қайнарбұлақ тұрғын алабында жұмыстың 70%-ы, Қайнарбұлақ саяжайында 50%-ы, Ынтымақ-2 шағынауданында 56%-ы аяқталған.

Abai7


Ал, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Ауылға газ әкелу 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр.
Аудан бүгінгі таңда 7 елді мекені ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Былтыр 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Достық шағынауданында ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал, Асар-2 шағынауданында жұмыс сот шешіміне сәйкес тоқтатылған. Бозарық шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер аумағында кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды.
Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов, ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы кәріз коллекторлары биыл пайдалануға беріледі.
2025 жылы 8 елдімекенде кәріз жүйесінің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс және Ынтымақ елді мекендері. Осының нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін көтеру жоспарланған.
Абай ауданында 1274 көше бар. Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 33 көшеге, тұрғындардың өз есебінен 17 көшеге жарықшамдар орнатылды.
Ал, биыл 176 көшені жарықтандыру бойынша өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралып отыр.
Ауданда жол инфрақұрылымын жақсартуға жылдан-жылға жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Аудан аумағында ұзындығы 1080,1 шақырым 1274 көше мен өткел бар. Жолдардың 573 шақырымы (48,5 %) – асфальт, 450,2 шақырымы (25,7 %) – тас жол, 57 шақырымы (2,8%) – топырақ жолдар.
2023 жылы мемлекеттен 3,1 млрд. теңге бөлініп, 57 көшеге (68,2 шақырым) асфальт төселді. Биыл 3,2 млрд. теңге бөлініп, 86 көше (70,1 шақырым) асфальтталмақ.
Жалпы, аудан бойынша 57 шақырымды құрайтын топырақ жол бар. былтыр бірінші кезеңге 102,1 млн. теңге бөлініп, 7 елді мекендегі 21 көшеге (11,3 шақырым), екінші кезеңге 82,5 млн. теңге қаралып, 5 елді мекендегі 20 көшеге (18 шақырым) шағал тас төселді.

Жайлы орта – тұрғындардың ұсынысымен

2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып келеді.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 956.1 млн теңгеге 32 жоба іске асырылып, жеке секторда 5 балалар ойын алаңшалары мен 27 спорт алаңшасы халық игілігіне берілді.
Ал, 2023 жылы 497,5 млн. теңгеге 23 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе елді мекендерінде 15 балалар алаңшасының құрылысы басталып, бүгінге дейін 10 алаңша іске қосылды.
Күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының жиналуын болдырмау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 18 мекенжай анықталып, алдын алу бойынша жоспар бекітілді. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 көшеге ұзындығы 11,4 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды.

Abai5


Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Былтыр су жиналатын 14 мекенжайға — 5,5 шақырым аумаққа ирригациялық жүйелер орнатуға қаржы қаралды. Бұл мақсатқа І кезеңге 5 мекенжайға 1,7 шақырым арық салуға 59,1 млн. теңгеге шарт жасалып, мердігер мекеме «Ынтымақ БесАрыс» ЖШС жұмыс жүргізді.
ІІ кезеңде 9 мекен жайға 3,8 шақырым ирригациялық арық салуға 116,0 млн.теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Ынтымақ БесАрыс» ЖШС жұмысты толық аяқтады.
Мобильді интернет желісімен қамту үлесін жоғарылату үшін 2022 жылы 5 елді мекенге, өткен жылы 9 елді мекенге базалық станция орнатылды. Биыл тағы 4 елді мекенге орнату жоспарда бар.
2023 жылы 6 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісі орнатылды. Мұндай желіні биыл 3 елді мекенге, келесі жылы 6 елді мекенге орнату жоспарланған.

Әкім және әлеумет

Бүгінде әкімдердің тұрғындармен кездесуі жаңа форматта өтуде. Есеп берудің жаңа әдісі өзінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетіп отыр. 2022 жылы 34 елді мекенде 18 кездесу өтіп, 267 мәселе көтерілді. Оның 192-сі жыл ішінде орындалды. 75 мәселе 2023-2025 жылдың жоспарына енгізілді.
Өткен жылы аудан әкімі Бұқарбай Парманов 16 рет тұрғын алаптар мен шағынаудандарды аралап, халықпен кездесті. Кездесулерде тұрғындардан 205 ұсыныс-пікір түсіп, бүгінде 85 мәселе шешімін тапты, 65 мәселенің мәнісі түсіндірілді. Ал, 60 мәселені шешу 2024-2025 жылдардың жоспарына енгізілген.
Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 22 жоба жоспарланған. Оның 20-сы – балалар алаңшасы, 2-і – спорт алаңшасы. Оған 531,0 млн. теңге қаралған.
Осы жоба аясында ауданда 135,1 млн теңгеге Қызылжар тұрғын алабы мен Шұғыла шағынауданында 2 гүлзар салу да жоспарда бар.
Сонымен қатар биыл 23 елді мекендегі 176 көшеге бағаналар орнатылмақ.
Бүгінгі таңда ауданда жалпы 1274 көшенің 160-ы ғана жарықтандырылған. Биыл 176 көшеге жарықшамдар орнатылса, аудандағы жарықтандыру көрсеткіші 12,5%-дан 26,3%-ға жететін болады.
Сонымен қатар, биыл 22 көшеге (15 шақырым) аяқ жол салынады. 20 қоқыс алаңшасы салынып, орталық көшелерге 200 қоқыс жәшігі орнатылмақ. 9 нысанда ирригациялық жүйелер құрылысы жүргізіледі.
Сонымен қатар, аумақтағы 10 мазаратты күтіп-ұстау, 107 ауланы тазалау, 1194 ішкі орамдық көшелердің санитарлық тазалығын жүргізу, 80 орталық көше мен 7 көп қабатты тұрғын үйде орналасқан жарық диодты безендірулер мен элементтерді күтіп ұстау, балалар және спорт алаңшаларын, аяқ жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын Абай ауданы әкімі аппаратына қарасты «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаратын болды.
Аталған жұмыстарға 284 адам және 30 арнайы техника жұмылдырылады.

Өзипа АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.