– Аяулы аналарымызды көктемнің мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ана – аяулы да ардақты тұлға. Талай-талай жақсы мен жайсаңды дүниеге әкелген аналарымыз әлемнің бар жақсысына лайықты. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын, – деді аудан әкімі Д.Күздікбайұлы.
Еңбекші ауданында 8 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 627-сі «Алтын алқа», 1907-сі – «Күміс алқа» иегері.
–Мерекеде көпбалалы аналарды құрметтеп, марапаттап жатқан аудан әкіміне алғысымыз шексіз. Алтын құрсақты аналарымыз көбейе берсін! Саналы да салиқалы, елдің болашағы үшін қызмет ететін ұрпағымыз өсіп-өне берсін, – деп Еңбекші аудандық әжелер кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана Әнипа Ысқақова ыстық лебізін білдірді.
Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ