«ТҰҒЫРЫ БИІК АЯУЛЫ АНАЛАР» Избранное

Среда, 06 Март 2024 05:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 286 раз

Шымкентте «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының ұйымдастыруымен ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Тұғыры биік аяулы аналар» атты салтанатты жиын өтті.

kuttiktau

 

Жиын барасында тағдырдың сынағына сынбай, бала тәрбиесіне барын салып жүрген аналардың ерліктері дәріптелді. Кеш қонақтары батыр әйелдердің өмірлік тәжірибелерін тыңдап, жігерлене түсті, сондай-ақ әр әйелдің бойындағы төзімділікке тәнті болды.
– Баршаңызды көктемнің көрікті мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кең жүректеріңіз бен мейірімдеріңізге әрқашан бас иеміз. Әрбір батыл қадамдарыңызбен көпке үлгісіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз, - деп Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева құттықтауын жеткізді.
«TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы кешке қатысқан 300-ге жуық анаға сый-сияпат жасады. Жиын соңында орталық басшысы Ерсұлтан Әмзиев қолдау көрсеткен қонақтарға алғысын білдірді.

А.ЕРМАХАНҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.