Семинарды өткізудегі негізгі мақсат – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу, білім сапасын көтеру және балалардың шығармашылығын дамыту.
Семинарға еліміздің 11 өңірінен, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Абай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Атырау, Шымкент қалаларының педагогтері қатысты.
Әділетті қоғам құрамыз десек, елге, ұлтқа адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Халықтық тәрбиені бойына сіңірген, ұлттық құндылықтарға сусындап өскен бала жамандыққа бармайды, ар-ұяттан аттай қоймайды. Бұл орайда бала тәрбиесінде ата-анаға ғана емес, мектепке, оның ішінде сынып жетекшілеріне де жүктелер жауапкершілік орасан. Семинар-практикумда сынып жетекшілеріне тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттыру жолдары түсіндірілді.