ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 191 раз

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Талант жалпы білім беру мектебі мен №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие: ар-ұят, талап, ұлттық мүдде» атты республикалық семинар-практикум өтті. Іс-шараны Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дәрібаева құттықтау сөзімен ашып берді.

urpak

 

Семинарды өткізудегі негізгі мақсат – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу, білім сапасын көтеру және балалардың шығармашылығын дамыту.
Семинарға еліміздің 11 өңірінен, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Абай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Атырау, Шымкент қалаларының педагогтері қатысты.
Әділетті қоғам құрамыз десек, елге, ұлтқа адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Халықтық тәрбиені бойына сіңірген, ұлттық құндылықтарға сусындап өскен бала жамандыққа бармайды, ар-ұяттан аттай қоймайды. Бұл орайда бала тәрбиесінде ата-анаға ғана емес, мектепке, оның ішінде сынып жетекшілеріне де жүктелер жауапкершілік орасан. Семинар-практикумда сынып жетекшілеріне тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттыру жолдары түсіндірілді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.