Білім беру және тәрбиелеу объектілерінде өндірістік бақылау жүргізу

Среда, 17 Январь 2024 09:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 375 раз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің бірі болып табылады. Осы санитариялық қағидаларда меншік нысанына қарамастан барлық объектілерде, оның ішінде білім беру және тәрбиелеу объектілері үшін өндірістік бақылау жүргізуге қатысты қажетті талаптар көрсетілген.

Өндірістік бақылаудың мақсаты мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінің құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуын өзін-өзі бақылау объектісінде ұйымдастыру және жүргізу жолымен адам үшін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жүргізеді.

Өндірістік бақылау мыналарды қамтиды:

- өндірістік бақылау бағдарламалары;

- рұқсат беру құжаттарының болуын бақылау (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның талоны);

- зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді жүзеге асыру;

- бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қызметкерлердің медициналық тексеруден уақтылы және толық өтуін бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;

- өнімнің қауіпсіздігін және сәйкестігін растайтын құжаттардың (оның ішінде келіп түсетін шикізаттың, тамақ өнімдерімен жанасатын буып-түю материалдарының), құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, сәйкестік туралы декларациялардың, сертификаттардың, ветеринариялық құжаттардың) қолданылу мерзімдерінің сақталуын бақылау;

- объектінің жұмысы кезінде қауіптерді басқаруды қамтамасыз ету үшін сыни бақылау нүктелерін айқындай отырып, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау, тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіптерді талдау;

- өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманың есебі мен есептілігін жүргізу;

- халықты, жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметін, объектінің қызметіне байланысты жаппай инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемасын әзірлеу;

- өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, бекітілген санитариялық ережелерге сәйкес гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау.

Осы санитариялық қағидаларға сәйкес білім беру және тәрбие объектілерінде өндірістік бақылауды жүргізу кезінде микроклиматты, ауа ортасын, физикалық факторларды, топырақты, дезинфекциялау құралдарын, азық-түлік шикізатының, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің, судың сапасы мен қауіпсіздігін химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне және нормативтерге сәйкестігі акредиттелген зартханалармен гигиеналық көрсеткіштеріне жүргізіледі. Сондай-ақ, осы санитариялық қағидаларда №1 қосымшада мектептерде, интернаттарда, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, балаларды сауықтыру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында және орта оқу орындарында өндірістік бақылау жүргізу үшін қажетті сынамалар алгоритмі көрсетіледі. Мектептерде, интернаттарда, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, балаларды сауықтыру ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында және орта оқу орындарында өндірістік бақылау жүргізу кезінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті сынамалар мен зертханалық-аспаптық өлшеулердің тәртібі, кезеңділігі, саны айқындалады.

Объектіде өндірістік бақылауды жүзеге асыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптардың сақталуын өзін-өзі бақылау әдістерінің бірі болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық саламатылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына ықпал етеді, дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасайды.

 Шымкент қаласының СЭБД басшысы Ә. Төлебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.