Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады. Бұл жоспар жүзеге асса, Шымкентте Паралимпиада ойындарын ұйымдастыруға мүмкіндік тумақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Басқарма басшысы салада жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісті.

BriGG

Елімізде неврологиялық қалыпсыздығы бар балаларға қамқорлыққа көп көңіл бөлінетіні белгілі. Мақсат – қоғамның оларға деген көзқарасын өзгерту, оларды ортаға бейімдеу, дағды-машықтарын қалыптастыру, өзіне деген сенімін арттырып, тиісті білім мен тәрбие алуына жағдай жасау, мүмкіндігінше мамандық меңгертіп, өмірден өз орнын табуына көмектесу. Мұндай балаларға арнайы педагогтардың, психологтардың, дефектологтардың, тағы басқа да мамандардың көмегі қажет. Осы орайда оларға көмек қолын ұсынатын арнайы орталықтар бар.

Onalyu

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қатысуымен  тегін кеңес беру акциясы өтті.

TurginK

ЖУРНАЛИСТ БОЛУ – АРМАНЫМ

Пятница, 10 Май 2024 05:28

Адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Өйткені, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағыңа бағдар болады. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан түрлі кәсіп пен мамандық бар. Осы жолда адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы анықталады. Мен әр адам болашақ мамандығын өз бейіміне қарап, жүрек қалауымен таңдауы керек деп ойлаймын.

Тіл – қоғамның айнасы

Пятница, 10 Май 2024 05:27

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқау өткізді. Ол Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына және орталықтың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Қазіргі таңда ағылшын тілі алпауыт елдер арасындағы алтын көпірге айналып отыр. Ол 450 миллионнан аса адамның ана тіліне,
20 шақты елдің мемлекеттік қолданыс тіліне айналған. Ағылшын тілінің әлем экономикасындағы әлеуеті де жоғары. Ғаламдық тілдер рейтингінде 2-ші орынға жайғасқан бұл тіл елдер арасындағы бейбіт келісімнің берік байланысы болып орнықты.

ӘЙТЕКЕ БИ ӘЛЕМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Пятница, 10 Май 2024 05:25

Биыл қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің (ОБКЖ) №5 кітапхана бөлімшесінде өткен жиынға №55 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Гүлзира Тәжиеваның жетекшілігімен 5 «а» сынып оқушылары қатысты.

«Еркін елдің ұланымыз»

Пятница, 10 Май 2024 05:24

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхана бөлімшесінде «Еркін елдің ұланымыз» атты сайыс өтті.

Страница 2 из 813