Ұлт мәдениетін ұлықтаған дара тұлға
Среда, 27 Март 2024 04:53«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген халық нақылы бекер айтылмаса керек. Елі үшін еңбек етіп, ғибратты ғұмыр кешкен Өзбекәлі Жәнібеков шынында да қазақ елі аман-сау тұрғанда арымайтын, уақыт жылжып, ғасыр өткен сайын елінің дара азаматы болып қала беретін ұлтымыздың ұйытқысы екені хақ.
«СЫНЫПТАСТАР» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
Среда, 27 Март 2024 04:51Шымкент қалалық өзбек драма театры өз көрермендерін жаңа қойылымдарымен қуантып келеді. Мереке қарсаңында театрда Қанат Жүнісовтың «Сыныптастар» қойылымының премьерасы өтті. Комедия жанрында сахналанған қойылымның желісі - мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдерді суреттейді.
Іс-шара уақыты ауысты
Пятница, 22 Март 2024 06:27Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!⠀
⠀
Бүгінгі наурыз мейрамына арналған «Астана» алаңында өтетін «Армысың, әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара ауа-райы қолайсыздығына байланысты сағат 14.00-ге ауысқанын хабарлаймыз!⠀
Сағат 20:00-де гала-концерт қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кештің жұлдызды қонақтары — «Жігіттер» тобы, «Орда» тобы, «Алаш ұлы» тобы, «Өркен» тобы, Наркенже Серікбаева, Qanay, Наzима, опера солистері Үрәлхан Сейілбекова, Салтанат Жұмадилова, Жұлдызай Мұсаева және Шымкент қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары.⠀
⠀
Сонымен қатар Әл-Фараби алаңында, Наурыз алаңында, Қажымұқан стадионы және Жеңіс саябағында өтетін аудандық мерекелік іс щаралар сағ 13-00 ден басталады.
ҚАЛА ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
Среда, 20 Март 2024 11:21Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.⠀
⠀
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді. ⠀
⠀
Бүгін қала басшысы кезекті аралау барысында Людмила Панкратоваға жаңа үйдің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтап, қарияға зор денсаулық пен амандық тіледі. ⠀
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ, БОЛАШАҒЫ
Среда, 20 Март 2024 07:22Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты мақаласымен таныстым. Президенттің балалар мен жастардың денсаулығына қатысты көтерген мәселесі өте өзекті. Дәрігер ретінде әрбір берілген тапсырманың уақытында және дұрыс көтеріліп отырғанын атап өткім келеді.
115 отбасы баспаналы болды
Среда, 20 Март 2024 05:14Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «2-10-20»,«5-10-20» мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрғын үй кезегіндегі 115 отбасы несиелік пәтерге қоныстанды.
«АДАЛ АДАМ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»
Среда, 20 Март 2024 05:07Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзі
Құрметті қауым! Ардақты ағайын!
Ең алдымен, мен баршаңызға Көрісу күні құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Ел арасында Көрісу күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын осы күннен, яғни Көрісу күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды болары сөзсіз.
Биыл Ұлыстың Ұлы күні қасиетті Ораза айының алғашқы күндерімен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлттық құрылтай да Әз-Наурыз қарсаңында өтіп жатыр. Ұлыстың ұлы күні табиғат пен тұтас тіршілік жаңарады. Ал құрылтайда қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалады. Жаңару мен жаңғыру жақсылыққа жол ашады. Сондықтан құрылтай мүшелерінің жылына бір рет алқалы жиында бас қосуы игі дәстүрге айналды.
ТАЗАЛЫҚТЫ ЖАЯУ ЖҮРІП ҚАДАҒАЛАЙДЫ
Среда, 20 Март 2024 05:07Аппарат мәжілісіне қатысушылар 18 наурыз – Ұлттық киім кию күніне орай, ұлттық нақышта киініп келді. Мерекелік көңіл күй сипат алған жиында тұрғын үйлердегі жеделсатыларды жаңғырту және күтіп ұстау, сондай-ақ электр қуатына қатысты мәселелері көтерілді.