Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаттарының жиынтығы. Мұндай әдеп адамдардың іскерлік қатынастарын, сондай-ақ олардың жеке мінез-құлқын іскерлік әлемде қабылданған мінез-құлық принциптеріне сәйкестік тұрғысынан қарастыруға және бағалауға мүмкіндік береді.

Іскерлік әдеп адамдардың жеке және іскерлік қасиеттерін және олардың қызметін бағалауды, сынға ашықтықты, өзін-өзі сынауды қамтитын әділеттілік сияқты ұғымға негізделген.

Жақсы беделге ие болу өте қиын, кейде бұл жылдарға созылады, бірақ сіз оны көбінесе ұсақ-түйек жағдайларға бола бірден жоғалтуыңыз да мүмкін. Маңызды телефон қоңырауына немесе хатқа уақытында жауап бермей немесе басқадай түрде әдептіліктің жоқтығын көрсете аласыз. Беделді болу үшін бәрі маңызды: сөйлеу мәдениеті, іскерлік киім, жүріп-тұру, мінез-құлық және т.б.

Ізетті қарым-қатынастағы әдептілік – бұл мінез-құлықтың мақсаттары мен нормаларының сәйкестігін түсіну ғана емес, сонымен қатар нақты бір адамға әдеп нормаларын қолдана білу. Ізеттілік дегеніміз – қарым-қатынастағы сыпайылық пен ұқыптылық, әріптестерінің әрбір ісіне шынайы қолдау білдіру, бұл дұрыс және ашық қарым-қатынастың ерекше түрі. Ізеттілік – іскерлік қарым-қатынастың ең қарапайым құралы, ол моральдық-психологиялық ұстаным мен іскерлік мәселелерді шешуге көмектеседі.

Адам өзінің іскерлік және жеке қасиетін еңбек ұжымында көрсетеді. Еңбек процесі қаншалықты реттелсе де, әрбір мемлекеттік қызметші жалпы қабылданған әдеп, адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтауы керек. Қызметтегі әдептілік кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты адамгершілік сананың, адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетеді.

Басшының кәсіби міндеті – жеке көзқарастарға, қызметтік талаптарға, қарамағындағылардың кәсіби пікіріне объективті және шынайы көзқараспен қарау. Әрбір қызметкердің, еңбек ұжымының ортақ іске қосқан жеке үлесін материалдық және моральдық тұрғыда әділ бағалауы тиіс.

Қызметтік қарым-қатынас мәдениеті бірқатар қызметтік әдеп ережелерін қамтиды. Қызметтік сұхбат жүргізе алмау, жұмыста өзін-өзі ұстай алмау көптеген адамдардың уақытын жоғалтумен қатар, ұжым ішінде түсініспеушілік, психологиялық шиеленіс тудырады және бұл істің сапасына кері ықпалын тигізеді. Мұндай шектен шығуды алдын алу үшін қызметте ресми, бірақ өте міндетті талаптарды сақтау жеткілікті: сыпайы қарым-қатынас, ақпаратты нақты және қысқаша түрде жеткізу, баяндамаға алдын-ала дайындық және нақты тұжырымдар.

Әдеп ұғымы ережелермен, мінез-құлық стандарттарымен байланысты. Тиісінше, іскерлік әдеп саласында бірінші кезекте сенімділік, әдептілік, уәдені орындау қабілеті бағаланады.

Іскерлік қарым-қатынастың моральдық жағы үлкен рөл атқарады. Іскерлік өмір тәжірибесінде адамдар жалпы мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар кейбір маңызды жеке мақсаттарына қол жеткізуге тырысады. Осы жерде іскерлік қарым-қатынаста адамгершіліктің алтын ережесін ұмытпау маңызды: «Өзіңе қаламайтын нәрсені өзгеге жасама».

М.АКИШЕВ,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым және
технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Кеңес мүшелері!

Алдымен, баршаңызды Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер арқылы Қазақстан ғалымдарына жылы лебізімді жеткізгім келеді.
Шын мәнінде, бүгінгі мерекелік күн – қоғамымыздағы ерекше сәт, себебі бұл күн ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды.

Tokaev1

Адам құқығы мен бостандығы заңмен қорғалуы тиіс. Бүгінде бұл іспен, яғни оны қорғаумен арнайы комиссия айналысады. Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдері Шымкент қаласында осы тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

zair

БІЛІМГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ – САНАДАН

Среда, 17 Апрель 2024 05:10

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланды. Шымкенттің білім саласында сыбайлас жемқорлық фактілерінің тыйылмай отырғаны рас. Директорлардың қарамағындағы қызметкерлерден ақша жинағаны, жұмысқа орналасу үшін ақша сұрайтыны сияқты әңгімелерді естіп қалатынымыз жасырын емес...

Bilim

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Среда, 17 Апрель 2024 05:08

Шымкент апатты аймақтарға 200 техника мен 240 млн. теңгеге жуық гуманитарлық көмек жөнелтті.

Komek20

Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан өңіріне Шымкенттен төртінші рет 33 тонна болатын гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тонна жүк, құны 40 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын.

Komek

Елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен су тасқынына ұшырамаған өңірлерде 8 сәуірден «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. «Мен әкімдердің бәріне бұл бір реттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек» деді Президент.
Бес аптаға созылатын экологиялық науқанның алғашқы аптасы – «Таза өлке» апталығы. Шымкентте осы акция аясында #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Subot-2

Дәл осы нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс жексенбіде 46 мектеп-лицейі маңында өтті.

Subot-1

Страница 3 из 798