Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жеке қабылдауында көтерілген әрбір мәселемен арнайы барып танысып, шешу жолдарын қарастыруда. Шаһар басшысы қала шетінде орналасқан Шаңырақ шағынауданында болып, тұрғындардың емхана мен асфальт жол салып беру және жер мәселесі туралы өтініштерін тыңдады.

211

Шымкенттегі ТПК «Alliance» және «Azala Textile» ЖШС – арнайы экономикалық аймағына кіретін өндірістер мәртебесін алды.

208

tokaev-k

Елордада «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру шаралары мен құралдары» атты іс-шара өтті. Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы, «Атамекен» ҰКП және «Атамекен» іскер әйелдер кеңесімен ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шара қатысушыларына арнайы бейнеүндеу жолдап, қазіргі кезде мемлекеттің жан-жақты дамуы көп жағдайда әйелдер құқығының қамтамасыз етілуі, олардың мүмкіндіктерін толық пайдалануына барлық қажетті жағдайды қалыптастырумен тікелей байланысты екеніне атап өтті.

–Бүгінде, еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Бұл сіздерге тән еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі. Әйелдердің қоғамдағы ролін кеңейте түсу мемлекеттіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай нақты шаралар қолға алынды. Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43%-дан асты. Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер. Іскер аруларымыздың арқасында 1 миллионнан астам азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – әйелдерге ұдайы қолдау көрсету, олардың дамуына жан-жақты жағдай жасау. Осы орайда, Елбасының бастамасымен қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мәні ерекше. Бұл маңызды құжат осы бағыттағы жұмысымызға айрықша серпін беріп отыр.

ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева қордың тарапынан қолдау тапқан барлық жобалардың 51%-дан астамы әйелдер кәсіпкерлігі екенін атап өтті. Ал «Отбасы банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Азия даму банкімен бірлесіп, әйелдерге ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бұл Азияда бірінші рет іске қосылатын әйелдерге арналған ипотека бағдарламасы болмақ.

Арманына жеткен ару

Пятница, 05 Март 2021 04:28

Әскери қызмет дегенде көз алдымызға, ең алдымен, ер-азаматтар келетіні жасырын емес. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында жігіттермен қатар қыз-келіншектер де қатар қызмет атқаруда. Солардың бірі – Ақмаржан Рахымбаева. Жерлесіміз Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінің медициналық ротасында дәрігер болып қызмет атқарады.

Аты дәрігер болғанымен, заты әскери қызмет болған соң, мұнда ер-әйел деп бөлінбейді, дейді кейіпкеріміз. Әскер тәртібі барлығына ортақ екенін айтады.

– 2008 жылы медициналық академияны тәмамдаған соң Ақсу ауылындағы жергілікті емханаға участкелік терапевт болып орналастым. Сонда біраз жыл халыққа қызмет істеп жүрдім. Ал негізі бала кездегі арманым – әскери үлгідегі киім киіп, Армия қатарында болу еді. О баста осы арманым орындалмастай көрінетін. Дегенмен, тәуекелге бел буып, қаншама сынақ пен әңгімелесуден өтіп жүріп, арманыма жеттім. Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінің медициналық ротасына дәрігер болып әскери қызметке тұрдым, - дейді Ақмаржан.

Ақмаржан Сапарқызы 2 қыз өсіріп, тәрбиелеп отыр. Екеуі де мектепте оқиды. Ал қызмет бабына байланысты іс-сапарларға кеткенде қыздарына ата-анасы қарайласып тұрады.

– Ата-анама алғысым шексіз, маған барлық жағдайда қолдау көрсетіп жүреді. Қыздарымның тәрбиесіне де жан-жақтап көңіл бөліседі. Жалпы, ата-анам мен бауырларым қыз баласы болсам да осы әскери қызметті таңдағаныма қарсы болмай, көп қолдау көрсетті. Сондықтан өзімді бақыттымын деп нық сеніммен айта аламын, - дейді әскери дәрігер.

 

medvrach



Әскери қызметтің әйел баласына оңай емес екенін кейіпкеріміз растайды. Бірақ үйреніп кеткенін айтады.

– Қызмет барысында бізге жеңілдік жоқ. Жігіттер киген киімді біз де киеміз, олар сияқты біз де ату алаңына барамыз, дене шынықтырудан біз де сынақ тапсырамыз. Күнделікті барлық ережелер мен талаптардың бәрін орындаймыз. Дабыл кездерінде де бірдей іс-қимыл жасаймыз. Тіпті, кей кезде төзімділік бізде басымдау болатыны рас. «Әйел қырық жанды» деп бекер айтпаған ғой! – деп күледі Ақмаржан.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін дәрігер дәрежесін жоғарылату курстарына барып, көптеген қалаларда іс-сапарда болған. Соның нәтижесінде бүгінде әскери бөлім медициналық ротасының бөлімше бастығы лауазымына жетіп, қызмет етіп жүр.

– Әскери қызметке келіп, өмірімде көп өзгеріс болды. Мінезім өзгерді, әскери тәртіп шыңдандырып, төзімділік пайда болады. Өмірге деген көзқарасым өзгереді. Адал қызметтің нәтижесі де жоқ емес. Мысалы, Құдайға шүкір, осы қызметте болып, мемлекеттік бағдарлама аясында пәтерлі болдым, - дейді медицина қызметінің капитаны.

Спортпен айналысқан баланың дені сау, зейіні ашық болып, оқығаны ойында мәңгі сақталады және зиянды әдеттерден аулақ болады. Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасының салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан осылай деді.

180

...ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді...

181

130-тан астам ұлт бір шаңырақ астында

Шымкентте Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты жанындағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.
Салтанатты жиынға қаламыздағы түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар Қазақ елінің дархан көңіліне алғыс айтып, құрмет көрсетті.

182

Шымкенттің мәдени көкжиегінде соны жаңалық, ауқымды жоба көп. Шымшаһардың визиттік карточкасы «Домалақ ана» операсы мен отбасылық кітапхана болмақ. Ал биылғы Наурыз қалай тойланады? Кітапханалар бізді несімен таң қалдырады және мәдениет басқармасының қызметкерлері қала көшелерін неліктен жаяу аралап шықты? Осы және өзге де сұрақтарға жауап бере отырып, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада ЕСЕНОВА алдағы орасан жоспарлары һәм құпияларымен бөлісті.

189

Страница 10 из 462