ПСИХОЛОГТАР КӨМЕК БЕРЕДІ

Пятница, 18 Ноябрь 2022 04:48

Шымкентте зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінде жасөспірімдер мен жастар арасында кездесулер өтіп жатыр. Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кезекті басқосу Болашақ колледжінде жалғасты. Кездесуге психолог Жанат Атаева, колледж психологы – Қарашаш Абенова, Жастар ресурстық орталығының психологтары – Жібек Сайдахан, Айда Қалдыбай қатысты. Кәсіби психологтар студенттермен ашық форматта әңгіме жүргізді.

800

«ӨМІРІМ – БАҚЫТЫМНЫҢ АЙНАСЫ»

Пятница, 04 Ноябрь 2022 04:42

zhastar

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмірім – бақытымның айнасы» атты психологиялық кездесу өтті.

Басқосудың мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын, өмірге деген қызығушылығын ояту және суицидтік жағдайлардың алдын алу. Жүздесуге «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, психолог, журналист, радиожүргізуші, гештальт-консультант Марал Жұмагелді, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологтары мен студенттері қатысты.

Кездесуде кәсіби мамандар аталған тақырыптар аясында кеңестерін берді. Сонымен қатар әлеуметтік желі алаяқтарынан сақтану бойынша қажетті мәліметтер айтылып, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасты.

Бүгінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және білімін тереңдетуде психологиялық шаралар қажет. Кездесуде жеке тұлғаның психологиялық кедергісін жоюға бағытталғаны көптеген қажетті кеңестермен бөлісті.

 

ПСИХОЛОГТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТТАСТЫ

Пятница, 11 Ноябрь 2022 04:41

Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті. Психологиялық тренингті Жастар ресурстық орталығы психология бөлімінің басшысы Айгүл Шынтөреева, тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді жүргізді.

704

Достық мерекесіне айналды

Четверг, 03 Ноябрь 2022 05:01

dostyk merekesi

Шымкентте «Special Olympics Kazakhstan» жоба аясында боулингтен турнир өтті. Екі күнге созылған республикалық турнирге Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан келген жасөспірімдер қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысып, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

–Оқу-ағарту министрлігінің тікелей басшылығымен барлық білім ұясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылып келеді. Ал, бүгінгі сайыста ерекше балалар ойын көрсетеді. Олардың мұндай сайысқа қатысқанының өзі ерлік. Оқушыларды тыңғылықты дайындаған ұстаздардың еңбегі көңіл қуантады. Барлық жас спортшылар биік тұғырдан көрінуге лайық, - деді Жанат Тәжиева.

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында боулингтен республикалық турнирге Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласының білім басқармасы, «GALAXY BOWLING» ойын-сауық орталығы, «Визит»ЖАҚ, «Sity» қонақ үйі қолдау білдірді.

– Боулинг сайысы балаларға қай жағынан алып қарасақ та, өз көмегін тиігізері анық. Жарысқа келген балалар арнайы әлеуметтік қызмет орталығынан болғандықтан, сыртқа көп шықпайды. Сондықтан олар осындай жарыстар арқылы бір сергіп, өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді,- деді Шығыс Қазақстан облысынан келген Ерік Асанұлы.

Арнайы Олимпиаданың миссиясы – зияткерлік дамуында ауытқулары бар балалар үшін әртүрлі олимпиадалық спорт түрлері бойынша жыл бойы жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, қатысушылардың спорттық жетістіктері арқылы өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі қорғауды дамыту. Бұл өз кезегінде әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді, жұмыс мүмкіндіктерін ашады және нәтижесінде қоғамға көбірек қатысуды қамтамасыз етеді.

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ⁣⁣

Среда, 26 Октябрь 2022 04:46

Әскери–патриоттық тәрбие — жас сарбаздардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал етеді. Отанды қорғау үшін еліміздің барлық ер азаматы атыс қаруының түрлерін және әскери техниканы меңгеруі міндетті.

654

Егеменді еліміздің салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған фестивальде Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының жастары өнер көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар жүлделі орындардан көрінді.

650

Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Rafe» мейрамханасының қолдауымен «Jas Team Kart» жобасы аясында картинг жарысы өтті.

505

ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және түсіндіру бойынша «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Қаратау ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ғимаратында болған жиынға қоғам қайраткері Еркін Тұрниязұлы, Шымкент қаласы мәслихат депутаттары қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай және студенттер қатысты.

351

Страница 7 из 10