ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ КАРТИНГТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ Избранное

Среда, 19 Октябрь 2022 07:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 649 раз

Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Rafe» мейрамханасының қолдауымен «Jas Team Kart» жобасы аясында картинг жарысы өтті.

505

 

«Sport Villa» ойын-сауық кешенінде өткен турнирге жоғары оқу орындарынан 35 қатысушы жиналды.
Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ұлжан Төленнің айтуынша, жарысты ұйымдастырудағы мақсат – студент жастардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдануға жол ашу, олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыруға және спорт саласын жастар арасында кеңінен насихаттау. ⁣⁣
– Қазіргі студенттердің сабақтан тыс уақытта спортпен айналысуға мүмкіндігі болмай жататынын аңғардық. Осыған байланысты оларды спортқа тартып, уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген спорт түрін ұйымдастырудамыз. Соның бірі – «Jas Team Kart» жобасы аясында өткен картинг жарысы. Аталған жоба жастардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, денсаулығын да нығайтатыны анық. Осындай ойынға демеушілік көрсеткен «Sport Villa» ойын-сауық кешені және «Rafe» ресторан басшысына өз алғысымызды білдіреміз, – деді Ұлжан Төлен. ⁣
Спорт жарысында 7 команда өзара сайысты. Ойынның шарты бойынша қатысушылар 3 айналымды еңсеріп, 5 минутта мәреге жету керек.
– Картинг жарысына ОҚМПУ студенттерінің арасынан команда жасақтап келдік. Осындай керемет жарысқа бірінші рет қатысып отырмыз. Ойын барысында жаңа орта тауып, спорт саласына өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Тартысты ойынға қатысуымызға мүмкіндік берген Жастар ресурстық орталығына студенттердің атынан алғыс айтамын, – деді ОҚМПУ студенті
Бақберген Мұратұлы.⁣⁣
Жарыс жолында ұтымды өнер көрсеткен шеберлер орталық басшысының арнайы дипломымен және кубоктарымен марапатталды. ⁣
Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген сайыс өткізу жоспарланған.
Ал бұл жарыста бірінші болып мәреге жеткен – Онтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері. Екінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарты иеленсе, үшінші орын Жұмабек Тәшенев атындағы университет түлектеріне
бұйырды. ⁣⁣
⁣⁣