Шын ниетпен Избранное

Пятница, 10 Июнь 2022 04:18 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 958 раз

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара «Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі орталығында өтіп, аудан әкімі Р. Мүлкеманов бүлдіршіндерді құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады.

703

 

– Бүгінгі акцияның мақсаты –балаларға өз қамқорлығымызды көретіп, олардың өмірге деген құштарлығын ояту. Жалпы ауданда 2000-ға жуық әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бүгін мыңға жуық балаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз сыйлығымызды табыстаймыз. Сондай-ақ балаларды қорғау күнінде 150 мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы мерекелік дастархан жайып, ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырған болатынбыз. Ал, 500 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балғындарға аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар таратылды,- деді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Жанысбекұлы.
Орталықта 30-ға жуық балаға әлеуметтік, психологиялық қызмет көрсетіледі. Қайырымдылық акциясына аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары, «Ізгілікке жарысайық» қоғамдық бірлестігі және «Мейірім» қайырымдылық қоры да атсалысып, өз көмегін көрсетті.
– «Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы 2019 жылы ашылды. Осы уақытқа дейін көптеген жүйке ауруына шалдыққан балалар емделіп, оң нәтижесін беріп келеді. Қазіргі таңда орталығымызда 8 тәрбиеші және олардың көмекшісі, массажист, логопед, психолог мамандары жұмыс істейді, - деді «Асыл-ай» оңалту орталығының басшысы Күнсұлу Зейілбекқызы.
Айта кетейік, Қаратау ауданында алдағы уақытта да қайырымдылық іс-шаралар жалғасатын болады.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.