Сырдан шыққан бір сүлей

Пятница, 10 Июнь 2022 04:23 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1553 раз

Қалалық Абай атындағы орталық кітапханада ақын, журналист, сатирик Нұрқасым Омарбековтің 65 жылдық мерейтойына орай «Сырдан шыққан бір сүлей» тақырыбында кездесу кеші өтті.

700

 

Рухани кешке ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, замандас, қанаттас достары қатысты. Кеш қонақтары ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Нұрқасым Омарбеков Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мәдени-ағарту техникумында білім алып, Шымкент каласындағы «Металлург» мәдениет сарайында үйірме жетекшісі, директор орынбасары қызметтерін атқара жүріп қолынан қаламын тастамаған және республикалық «Шалқар термелері» байқауына қатысып, бас жүлде иемденген азамат.
Сатирик жазушы, журналист, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Сабырбек Олжабай жүргізген кешке Қазақстан Жазушылар мен Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Серік Жанәбіл, ХЖО мүшесі, жазушы Атанбек Наурыз, журналист Нағима Сүлеймбекова, композитор Садық Қынат, патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан өңірлік басшысы Сәжида Әлжанова, әнші Ажар Жұмабекова және т.б. қатысып, ақынның журналистикаға қызығушылығы мен арманының арқасында «Шымкент келбеті», «Куәгер», «Бизнес және саясат», «Жаңа Қазақстан» газеттерінде еңбек еткенін айтты. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент қаласы байланыс колледжінің студенттері ақын өлеңдерін оқыды.

Раушан СҰЛТАНБЕК,
Шымкент қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар
жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Шын ниетпен Қымыз тойын жаңғыртты »