Кездесуге Тоғанбай Қауымбаев атындағы қордың төрағасы Марат Үкібаев, батырдың қызы Алтын Тоғанбайқызы, бауырлары мен жолдастары келді. Сондай-ақ, ОҚМПУ-дің доценті, тарих ғылымының кандидаты Қ.Анарбаев, Шымкент қалалық Абай және әл-Фараби аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жасақтау бөлімінің бастығы, подполковник Н.Ережепов қатысты.
Салтанатты жиынды «Саз» колледжінің студенті Өсер Сүлеймен «Адай» күйімен ашты. Қонақтарға қос батырдың ерлігі жайлы бейнебаян көрсетілді. Кеште Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №31 жалпы орта мектеп және Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның «Жас сарбаз» кадет сыныбының оқушылары патриоттық өлеңдерін оқып, әскери дайындықтарын көрсетті.
Отан үшін от кешкен
батырларымыздың ерліктері жайлы жас буынға естелік әңгімелер айтылды. Аға буын кеш соңында жастарға бата беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Қазына ЖҮНІСБЕКОВА,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесіндегі
№12 кітапхананың кітапханашысы