Нақтырақ айтар болсақ, режиссер Әлібек Өмірбекұлы қойған «Qora Z» спекталіндегі министрдің рөлі үшін актриса жүлдеге лайықты деп танылған.
«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» – «International Union of Theatre Critics» 2020 жылы 13 ақпанда тұсауын кесе салысымен қазақ сахна өнеріне жаңа леп алып келген бірлестік. Бірлестік жетекшілерінің айтуынша, бұл ұйымға еліміздің ғана емес, шетелдің де белгілі театртанушы мамандары мүше. Олар заманауи театр мен драматургия мәселелерін талқылайды. Жыл сайын Қазақстан театрларының жұмыстарына баға беріліп, жеңімпаздар анықталады. Сахна өнерінің қорытындысы шығарылады.
Дәл осы бірлестіктің ұйғарымы бойынша 2021 жылы Қазақстанда шығармасы ең көп қойылған авторлар тізіміне Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек еніп отыр. Драматургтың шығармалары екінші жыл қатарынан үздік ондық сапында. Бұл – үлкен жетістік.
Шаниндіктерді қос бірдей қуанышымен құттықтаймыз!