Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әзімбердиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Қайрат Анарбаев шағын және орта бизнес өкілдеріне Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды жан-жақты түсіндірді.
Мемлекет басшысы Жолдауда жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын атап берді. Жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде нақты қадамдар жасалады. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері – жеңілдетілген несие берілмек.
Қ.Анарбаев жаңа экономикалық саясат бағдарын іске асыру тетіктеріне тоқталып, барлық азаматқа теңдей мүмкіндік берілетінін атап өтті. Ендігі ретте кәсіпкерлерді өндірісті әртараптандырып, бірлесе, ынтымақта еңбек етуге шақырды.
Б.Әзімбердиев шаhарда «Іскер қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысынан хабардар етіп, индустриялық аймақтарды одан әрі кеңейтуде нақты жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.
Жиында кәсіпкерлер бизнесті дамыту мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жеңілдетілген несие беру, қайта өңдеу секторын дамытудағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды.