Орталықта 500-ден аса пациентке жаңа терапияны қолданады

Пятница, 11 Август 2023 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 528 раз

jits

Шымкенттік дәрігерлер ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісін қолдануда. Жаңа әдіспен дәрігерлер қауіпті топтағы азаматтарға профилактикалық емін жасап, аурудың алдын алуда.

ВИЧ-инфекциясын жұқтырмау үшін қазір емдеу мекемелерінде жанасуға дейінгі профилактика қолданылады. Бұл дегеніміз – АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұру әдісі. Бүгінге дейін Шымкенттегі ЖИТС орталығында 100-ден аса адам аталған терапияны қабылдаған.

–ДДҰ жүргізген нәтижелерде осы профилактика әдісі қолданылып, жұқтыру нәтижелері тіркелмеген. Шымкенттегі ЖИТС орталығында бұл әдіс 2021 жылы енгізілді. Бүгінге дейін профилактика енгізілген науқастардың арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Бұл қатынасқа дейінгі профилактикалық ең алдымен жұқтыру қаупі басым топтарға жасалады. Олар күйеуі немесе әйелінде ВИЧ инфекциясы бар жұптың серігіне, есірткі қолданатындарға, секс қызметкерлеріне, бейберекет жүретіндерге және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетіндерге қолданылады, – дейді Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов.

Айта кетейік, Шымкенттегі ЖИТС орталығында қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады. Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. Мамандардың сөзінше, жанасуға дейінгі терапия ВИЧ-инфекциясын алдын алуда оң нәтиже беріп, инфекцияға шалдықандардың санын азайтуға көмегін тигізуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.