Мал сату, сою бекеттерінде:
- құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асырылуы тиіс;
- мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы керек;
- қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтауы қажет.
Үй жағдайында:
- қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
- тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;
- шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
- үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
- ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау;
- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.
Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:
- ауыз су, ыстық су, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталуы;
- желдету және (немесе) ауа баптау жүйелерінің көзделуі;
- қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауын қадағалау және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
- үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбау;
- тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуі, олардың тоңазытқышта сақталуы;
- азық-түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдарды (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалану;
- жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялауды оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асыру;
- тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар), оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделуін;
- персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтау жағдайының болуы;
- медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуы;
- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмеу керектігін ұсына келе, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда халық арасында улану, аса қауіпті, өткір ішек жұқпалы аурулар жағдайларының тіркелуіне себепкер болатынын еске саламыз.
Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ,
Шымкент қаласының СЭБД басшысы