Сана өзгерсе, адам өзгереді

Пятница, 28 Октябрь 2022 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 976 раз

Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы жеке және заңды тұлғаларға екі түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Олар – фитосанитариялық және карантинлік сертификаттар рәсімдеу.

Осыған байланысты сертификаттарды рәсімдеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өте жоғары болуына байланысты инспекция тарапынан мемлекеттік инспекторларының құқықтық сауатсыздығын жою, құқықтың түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу. Біздің қоғамда және инспекция саласында сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Дегенімен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.

Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Осы себепті сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық ел азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білу керек.

С.ӘЛІБЕКОВ,
ҚР АШМ АӨК МИК
Шымкент қаласы бойынша аумақтық
инспекциясының өсімдіктер карантині бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.