Марафонға жарқын көңіл-күймен Избранное

Среда, 23 Август 2023 07:00 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1505 раз

Үшінші мегаполисте 17 қыркүйекте жылдың ең ауқымды спорттық оқиғасы – алты қашықтық марафондық жарыс «Шымкент марафоны» басталады. Дәл қазіргі уақытта Shymkent-marathon.kz сайтында қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Марафонға жауаптылардың айтуынша, спорттық шараға Қазақстанның 60 қаласынан және шетелден 6000 адам қатысады деп болжануда.

132

 

Марафонның тарихы 2016 жылы басталды. Алғашқы екі жылда бұл іс-шара «13-аймақ: Бірге біз бәрін істей аламыз!» деген тақырыппен өтті. 2018 жылы «Шымкент марафоны» қоғамдық қоры құрылып, алғаш рет классикалық марафон қашықтығы ұсынылды: 42, 195 шақырым болды. Оның бағыты халықаралық марафондар мен AIMS қауымдастығымен сертификатталған.

134

А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Гаухар Медеуова 17 қыркүйекте өтетін марафонға жеңіл атлетикадан алғаш рет өзін сынамақшы. Ол марафон сайтына тіркелген күннен бастап-ақ дайындықты бастап кеткен болатын. Гаухар ханым жұмысқа жаяу барады, ал басқа уақытта көлікті мүмкіндігінше аз пайдалануға тырысады. Ал күндіз аяқтың бұлшық еттерін күшейту үшін жеңіл гимнастикалық жаттығулар жасайды.

133


–Актриса Наталья Крачковская айтқандай, сіз мәнді өмір сүруіңіз керек! Бұл дегеніміз белсенді болу, көбірек қозғалу, алға мақсат қойып үйрену және әрдайым денсаулықты жақсартуда пайдалы іспен айналысу деген сөз, – дейді Гауһар Шерімқызы. Марафонға қатысу үшін бес шақырымдық Scandi қашықтықты таңдаған ол келесі демалыс күндері спорт дүкеніне скандинавиялық серуендеу таяқтарын сатып алуға баратынын жеткізді.
Қашықтық маршрутын таңдаған кейіпкеріміз өзінің дайындығын қайта-қайта пысықтап келеді. «Марафонға психикалық және физикалық тұрғыдан дайынмын. Қазір жасым 60-та. Өз тобымда жүлде аламын деп үміттенемін», - деген ойымен бөлісті әуесқой спортшы.
Еске салайық, тіркеу кезінде қатысушылар алты қашықтықтың бірін таңдай алады: Бастауыш (5 км), жүгіруші (10 км), жартылай марафон (21 км), марафон (42 км), Сканди (5 км), Экиден (42 км). Ал марафонның жүлде қоры 14 000 000 теңге.

130


Марафонға дайындық шымкенттік кәсіпкер-ресторатор Давлят Хидиров үшін де қызу жүріп жатыр.
–Спорт пен салауатты өмір салтын белсенді жақтаушы ретінде әрине, мұндай шараны жібермеймін. Royal Club Fitness&SPA-да жаттығулар мен веложарыстардың арқасында күйімді сақтаймын. Достарыммен бірге әрқашан позитивті және энергиямызды барлығымен бөлісуге дайынмын. Мен бес шақырым қашықтықты таңдадым. Бәйгеде өткен жылғы нәтижені жаңартқым келеді. Royal Club Fitness & Spa және Shymkent марафонының амбассадороы болғандықтан, ұйымдастырушылар менің әлеуметтік желілердегі аудиторияма жақсы бонус жасауды ұйғарғанын атап өткім келеді. Яғни тіркелу кезінде 15 пайыздық жеңілдік бар. DVLT промокодымен марафонға қатысыңыз, – деді Давлят
Хидиров.
Қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 17:59-да аяқталатынын естеріңізге саламыз. «Шымкент марафоны» Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Басты ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі – Royal Club Fitness&Spa. Сондай-ақ серіктестер мен демеушілер EVRIKA, Alem Socks, Fitnes club Kasiet, «Тараз» металлургиялық зауыты, Асу, MUD production, Shymkent Plaza, 1xBet.
Спорттық шараның басты мақсаты – марафоншыларды танымал ету, бұқаралық спорт пен спорттық туризмді дамыту, дарынды спортшыларды қолдау, қала тұрғындарын біріктіру, халықаралық жарыстарға жүйріктерді дайындау, салауатты өмір салтын ұстанушылар санын арттыру. Ал Сіз соңғысына қосыла аласыз. Салауатты өмір салтын қолдаушы және жеңімпаз ретінде сезіну үшін марафонға қатысыңыз! Өйткені, басты жеңістердің бірі – өзіңді және жалқаулықты жеңу.

Дайындаған А.КЕРІМ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.