Ауданда жасөспірімдер арасында теннис турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы сайыс Ата заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов көпшілікті мерекемен құттықтап, Ата заңның қадірін арттыру бағытында тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада Абай ауданы әкімдігі AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе аудандағы 100 балаға мектеп формасын, қажетті кеңсе тауарларын табыс етті. Ауданда «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары қажетті тауарлармен қамтылуда. Қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер, демеуші азаматтар атсалысты.