Өркениетке жетудің жаңа баспалдағы Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 437 раз

Әр азаматтық жастық шағы есінде ерекше естеліктермен сақталады емес пе? Біз үшін 70-80-жылдардың өзінде қаланың келбеті ерекше көрінетін. Алайда, бүгінгі жетістігімен мүлде салыстыруға келмейді. Қала бұрынғыдан да көркейе түскен.

32

 

Саябақтар гүлденіп, көшелер кеңейіп, қала жан-жақты дамып келеді. Иә, ел ішінде кереғар пікір де айтылып жатады. Дегенмен, «Көш жүре түзеледі». Ендеше, әр шымкенттік көрген тұсын сынауға емес, оны түзеуге асықса деймін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық қолдаса, кез келген істің қарқынды дамитыны сөзсіз. Ол әрбіріміздің тек өңірдің емес, елдің дамуына қосқан үлесіміз болар еді.
Халықаралық көрмелер ұйымдастырылған кезде жиі шетелге шығып тұрамын. Сонда өзге мемлекеттердің даму үдерісіне таңданушы едім. «Біз қашан осындай жетістіктерге жетер екенбіз?» деп армандайтынмын. Бүгінде Шымкент барлық сала бойынша дамып келеді. Бір кезеңдерде қала маңында жеке секторлар көбейіп кеткен-ді. Ал қазір қаланың жан-жағынан керемет тұрғын үй кешендері бой көтеріп, жаңа шағынаудандар пайда бола бастады. Яғни, Шымкенттің бүгінгі даму үдерісі – өркениетке жетудің жаңа баспалдағы.
Бүгінде шаһар жастардың қаласына айналып келеді. Бұл жастарымыздың әлеуетімен бұдан әрі де дами түседі деген сөз. Әр жас жаңа серпінмен, жаңа леппен қаланың дамуына үлес қосады деген үміттемін. Сондай-ақ, бүгінде қаланың келбетіне де ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, әр қаланы танытатын, өзгелерден айшықтайтын ерекше сәулеті болады. Шымкенттік сәулетшілер, әріптестер де қаланың келбетін қалыптастыруда, ұлттық нақыштағы туындыларды жасауда өз үлесін қосып, қолтаңбасын қалдырады деген сенімдемін.
Жерлестерімді қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Батухан БӘЙМЕН,
ҚР Мәдениет қайраткері, график-суретші

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.