Оған құтқарушылардан бөлек қаладағы төрт аудан әкімдігі, түрлі басқармалардың өкілдері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, денсаулық сақтау, әскери бөлімдердің қызметкерлері, «Қазгидромет», «ҚазТрансГаз» секілді компаниялардың мамандары қатысты.
– Оқу-жаттығу сценарийі бойынша 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні жауған қатты нөсер жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Бадам өзені тасып, арнаның бағыты күрт өзгеруі мүмкін. Еңбекші ауданына қарасты Жыланбұзған елді мекеніндегі үйлерді су басу қаупі туралы ақпарат келіп түседі. Осыған орай бүгінгі жаттығу барысында оқиға орнына өрт-құтқару бөлімшелерінен мамандар мен техника жіберіледі. Жұмылған жұмыстың нәтижесінде қауіптің алдын аламыз, – деді қалалық ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев.
Оқиға орнына келген штаб өкілдері қосымша арнайы техника жұмылдыруға шешім қабылдайды. Сонымен қатар, дабыл белгісі бойынша өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару жасағы, «Қазселденқорғау», апаттар медицинасы орталығының бригадасы қосымша жіберілді.
Бадам өзенінің ескі арнасы техникамен нығайтылды. Ал мамандандырылған жасақ су басуы мүмкін үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Оқу-жаттығуға жалпы 12 техника мен
50 адам жұмылдырылды.