ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН 25 ҮЙ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА Избранное

Пятница, 12 Ноябрь 2021 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1258 раз

Биыл шаһарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 25 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Нәтижесінде ескірген үйлердің шатыры мен инженерлік коммуникация жүйелері жаңартылып, жертөлелері күрделі жөндеуден өтуде.

364

 

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков күрделі жөндеуден өтіп жатқан үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Жангелдин көшесіндегі ширек ғасырдан астам уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілмеген №12 А үй толығымен қайта жаңғыртылып отыр. Жауапты басшы аралау барысында сала жетекшілері мен жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме қызметкерлеріне бірқатар тапсырма берді.
Қарасу шағынауданындағы №82 үйдің төрайымы Валентина Бондаренко тұрғын үйдің қайта жаңғыртылып, әбден тозығы жеткен жерлерінің өңделгеніне қуанышты. Ол көп жағдайда ортаңғы қабатта тұратын азаматтар жертөле немесе шатырдың жөндеу жұмыстарына қатысқылары келмейтіндігін, коммуналдық жүйе істен шығып, шатырдан су өтсе жөндеу жұмыстары бүкіл үй тұрғындарына ортақ шаруа екенін түсінгісі келмейтіндер де бар екенін айтты.
Айта кетейік, тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлініп, қайтарымды негізде жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.