Қысқа дайынбыз ба? Избранное

Пятница, 05 Ноябрь 2021 05:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 968 раз

Шымкентте қыстың ызғары қазанда сезіліп, де, қараша айында ауа райы күрт суыта бастады. Сол себепті қалада қыс мезгіліне дайындық жұмыстары өткен айда басталып, бірқатар әлеуметтік нысандарға жылу беріліп еді. Осы аптада қала әкімі Мұрат Әйтенов аудандардың қысқа дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

306

 

Шаһар басшысы Қаратау ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын тексерді. Аудандағы басты 90 көше мен 992 ішкі орам көше, аяқ жолдар және аулаларды қардан тазалау жұмыстарын «Жасыл жер» және «Ақсемсер строй сервис» мекемелері жүргізеді. 54 арнайы техника және 350 жұмысшы дайындалды. 7 мың текше метр құм, 2 мың тонна тұз инертті материалдар қарастырылуда.
Ал, Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарын төрт мердігер («ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «НұрТау Сервис» ЖШС) мекеме жүргізеді.
Жалпы аудан аумағындағы орталық көшелердің ұзындығы 191 шақырым келетін 76 көшені қардан тазарту жұмыстары 10 бағытқа бөлінген. Әр бағыт сызбасы дайындалып, көшелердің ұзындығы есептелген. Кезекші бригадалар жұмысқа дайын.
Әкім ішкі көшелер мен аяқжолдар тазалығын жіті қадағалауды, құрал-жабдықтар, шеткі аумақтардағы тазалықшыларға жылы киім мен ас-су жеткізілуін қамтамасыз етілу қажеттігін айтып, жұмыс барысында жолдарға зақым келмеуін қадағалауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.