Агросала алғашқы үш айды табыспен аяқтады Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1103 раз

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл қаладағы жалпы егістік көлемі 38,8 мың гектар жер болса, соның 29,3 мың гектарына егін егу жоспарланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық. Соның нәтижесінде биыл жиналатын өнім көлемі 71,7 мың тоннаға жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 12,4 мың тоннаға арттыру жоспарланып отыр. Өткен жылғы есепті кезеңде 59,3 мың тонна болған.

730

 

Көктемгі дала жұмыстарына бір мың тонна жанар-жағармай бөлініп, агроқұрылымдарға апарып беруді қосқандағы жеткізу құны литріне 157 теңге болып бекітілді. Бүгінгі күнде тауар өндірушілерден түскен өтінімдеріне сәйкес 25 тонна жанар-жағармай таратылды.
Басқарма басшысының орынбасары Әбунасыр Жанбатыров егін шаруашылығын қолдауға мақсатында биыл қомақты қаржы бөлінгенін жеткізді. Атап айтқанда минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122,1 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға - 5,8 млн теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға - 600 мың теңге қарастырылды.
Нәтижесінде биылғы жылға жоспарланған 29,3 мың гектар егістік жердің бүгінгі күнде 9,9 мың гектарына егін егілді. Оның ішінде дәнді дақыл - 6,1 мың, майлы дақыл - 1,2 мың, мал азықтық дақылдар - 2 мың, көкөніс пен бақша - 0,5 мың және картоп – 0,1 мың гектарды құрайды.
Бұдан бөлек қазіргі уақытта қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 9 гектар жылыжай кешені жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар «Agro Park kz ЖШС мен «IGM Corporation» серіктестіктері.
Мал шаруашылығы бойынша жалпы құны 931 млн. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 51 жұмыс орны жаңадан ашылды. Бұл «Корно-1» ӨК, «Эгамнзаров» ЖК, «Шымкент құс» ЖШС, «Асыл-жұлдыз» СПК, «Ералы» ШҚ, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК мен «Лапиев» жеке фирмалары.
Жоғарыда аталған агроөнеркәсіп кешендері тарапынан 2,8 мың тонна ет, 8,8 мың тонна сүт, 40,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Қаламыздағы шаруалар қолында 76,1 мың ірі мүйізді қара мал, 88,4 мың қой мен ешкі, 13,8 мың жылқы және 1 132,6 мың бас құс бар.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 2021 жылдың І тоқсанында 253,3 млн. теңге субсидия бөлініп, ол 100 пайызға игерілген.
Ал, агросаладағы жалпы өнім көлемі 6,5 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 млрд. теңгеге артқан.
Ресми дерекке сәйкес ауыл шаруашылығымен бүгінгі таңда 6,6 мың адам айналысуда, ал 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 900 мың теңгеге жетіп отыр. Өсім жылдық жоспардан асып түсіп 116 пайызға артқан.
Өз кезегінде биылғы қаңтар-ақпан айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 24,1 млн. АҚШ доллары көлемінде табыс түсірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103 пайызға артық.
Бұдан бөлек бөлшек сауда көлемі 83,6 млрд.теңгеге өсті.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға биылғы қаңтар-наурыз айларында 310 млн. теңге инвестиция тартылған.
–«Эпизоотияға қарсы» іс-шаралар туралы айтсақ қаламыз да жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеу жүргізілді. Мәселен бруцеллезге қарсы 34 мың бас малдан қан сынамасы алынды. Сондай-ақ 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда 215 мыңнан аса ауыл шаруашылығы жануарына екпе салынды. Сонымен бірге биылғы жылдың І тоқсанында қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою бойынша тұрғындар тарапынан келіп түскен 770 өтінішке сәйкес, 8 195 бас қаңғыбас ит-мысық ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді, - деді басқарма өкілі Ә.Жанбатыров.
Мұнымен қоса сала маманы төрт түлік малға қатысты бірдейлендіру жұмыстары туралы да айтып өтті. Оның мәлімдеуінше 2021 жылдың І тоқсанында 3,4 мың бас ірі қараға және 4,8 мың бас уақ мал төлдері не сырға салынды.