ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ Избранное

Среда, 13 Январь 2021 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 439 раз

138821654 3997269036982648 3055116497809194519 n

Қаламыздағы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды.

20 қаңтарда ірі жолайрық құрылысының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілерді ауыстыру, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өтпесін және жол жамылғысын салу жұмыстары орындалатын болады. Құрылысты «Bazis Construction» ЖШС жүргізеді. Қазіргі уақытта нысанда газ, су құбыры және электр желілерін ауыстыру, сондай-ақ тоннельдегі тіреу қабырғаларын құю бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінге дейін 26,5 шақырым инженерлік желілердің 3,4 шақырымы немесе 13 пайызы ауыстырылды. Инфрақұрылымдық желілер жол төсемінен бөлек орналасады. Электр желісінің он бағанасының жетеуі, құйылуы тиіс 105 қаданың 75-і, болашақ тіреу қабырғаларының 986 метрінің 50 метрі орнатылды.
«Мұндай нысандарды салу әрдайым қиын, өйткені жұмыстар ірі қаланың халық тығыз орналасқан ауданында жүргізілуде. Мұнда жер учаскелерін алу, инженерлік коммуникацияларды көшіру мәселелерін шешу қажет. Сондай-ақ, байланыс желілерінің тығыздығы өте жоғары, тұрғын үйлер жақын жерде орналасқан екен. Оған қоса электр әуе желісі – 110 кВт. Оны ауыстыру керек», деді жауаптылар.
Екінші кезең құрылысының басталуымен Қонаев даңғылында Жандосов көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек даңғылында Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін қозғалыс толығымен жабылып, ашық типтегі туннель бөлігінің құрылысы басталады.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.