Көгалдандыру – көптің ісі Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 59 раз

Елімізде бірер күн бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасына орай аймақтарда «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Осы орайда Шымкент қаласы көгалдандыру жұмыстарын бірінші болып бастап кетті.

Sub-11

 

Аталмыш акция аясында Шымкенттің бірқатар көшелерінде көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен оған қарасты коммуналдық қызмет көрсететін «ШымкентСпецкомплекс» мекемесі Тұран ауданының Малқаров көшесінде 10 мың шаршы метрге көгал егу, Темірлан тас жолы бойынан көгалдандыруға жер дайындау үстінде. Сондай-ақ, шөптерді орып, ретке келтіруде.
Айта кетейік, мегаполисте жеке меншік бес мекеме абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Әр ауданда күнделікті санитарлық тазалық жұмыстарына 200-300 дейін жұмысшы мен ондаған техника таратылады. Акция аясында коммуналдық мекемелер аялдамаларды жуып, ескерткіштерді тазартып, ағаштардың түбін әктеп, қопсытып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.