АТА-БАБА ДӘСТҮРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 322 раз

Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесі қаланың қоғамның өміріне белсенді араласып, берекелі істің бастауы, жақсылықтың ұйытқысы болып жүр. Ардагерлер білім басқармасымен бірлесе отырып, мектептердегі ұлттық құндылыққа негізделген тәлім-тәрбие жұмыстарын жандандыруға үлес қосып келеді. Тәрбие ісіне үлкен кісілер араласқан жерде түсініспеушілік деген орын алмайды.

ata-baba

 

Олар – ұлттың ұлт болып қалыптасуына, салт-дәстүрдің сақталуына, жас ұрпақтың дұрыс бағыт-бағдар мен тәлім-тәрбие алуына, дін мен ділдің, тілдің, басқа да асыл құндылықтарымыздың сақталуына, елдің бірлік пен ынтымақта өмір сүруіне бірден-бір себепкер екені даусыз.
Ардагерлер кеңесінің кезекті семинары Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде өтті. «Заманауи тәрбие әлемі. Ұлттық құндылықтар. Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында өткен семинарға ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев бастаған бір топ ардагер қатысты.
Мектептің директоры Найла Рапихқызы бастаған мектеп ұжымы үлкен кісілерді ұлтымыздың дәстүріне сай күтіп алып, киіз үйдің төріне отырғызып, наурыз дастарқанынан дәм ұсынды.
Киіз үйдің сыртында өнерпаз оқушылар қазақтың «Ұрын бару» салтына қатысты көрініс көрсетіп, ән-жырдан шашу шашты.
– Ұрпақтардың өзара достығы, олардың бір-біріне деген пейілі мен көңілі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі – ертеден келген, қанымызға сіңген игі қасиет. Бүгінгі күні өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде заманауи білім берумен қатар, баланың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда мектептің үлесі орасан зор. Аға буын мен жас буын арасында татулық қарым-қатынас қалыптастырып, зейнеткерлерді мектеп өміріне қатысуға ықпал ету және олардың бос уақытын ұйымдастыру – басты мақсатымыз, – деді Кенжехан Атақұлұлы.

Өзипа АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.