Көміртегі тотығымен улану – адам өміріне қауіпті

Пятница, 19 Январь 2024 04:13 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 395 раз

Шымкент қаласында көміртегі тотығымен улану жағдайларының тіркелуі жалғасуда.

Зардап шеккендердің денсаулық жағдайының нашарлауы ақаулы газды су жылытқыштарын, қазандықтарды, пештерді және каминдерді пайдалану кезінде пайда болады.

Көміртегі тотығы қауіпті, өйткені ол көрінбейді және сезілмейді, оның иісі де, түсі де жоқ, сондықтан оның екінші атауы – «тілсіз жау». Тыныс алу жолына түскеннен кейін көміртегі тотығы молекулалары қанға еніп, гемоглобин молекулаларымен байланысады,нәтижесінде карбоксигемоглобин түзіледі, бұл оттегінің тасымалдануына кедергі келтіреді және оттегінің жетіспеушілігі тез дамиды.

Көміртегі тотығымен улану кезінде келесі белгілер пайда болады:

• жалпы әлсіздік;
• бас ауруы;
• самайдың солқылдауы;
• құлақтың шыңылдауы;
• бас айналу;
• ауа жетіспеушілігі, ентігу;
• көру қабілетінің бұзылуы-жыпылықтау, көздің алдындағы нүктелер;
• құрғақ жөтел;
• жылдам тыныс алу.

Көміртегі тотығымен улану кезінде зардап шеккен адамға тез арада алғашқы көмек көрсету маңызды:

-жәбірленушіні мүмкіндігінше тезірек таза ауаға шығару керек;
-тыныс алуды жеңілдету керек – тыныс алу жолдарын тазарту, киімді шешу, тілдің кетіп қалуына жол бермеу үшін жәбірленушіні бір қырымен жатқызу керек;
- тыныс алуды қалпына келтіру, нашатыр иіскету, кеудені ысқылап, аяқ-қолды жылыту керек;
-жедел жәрдем шақыру. Егер адам бір қарағанда қанағаттанарлық жағдайда болса да, оны дәрігер қарап-тексеруі керек. Себебі уақтылы басталған ем шаралар улы газдан уланудан болатын асқынулар мен өлім қаупін азайтады.

Жылыту маусымы басталар алдында жылыту және су жылыту жабдықтарының жарамдылығын тексеру қажет. Түтін құбырлары мен мұржаларды дұрыс күйде ұстаңыз. Әр жолы газ жабдығын қоспас бұрын тартқышты тексеріңіз. Егер пештің немесе газ құрылғысының ақаулығы анықталса, мамандарға хабарлау керек.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына сақ болыңыз.

  Шымкент қаласының СЭБД басшысы  Ә. Төлебаев

Последнее изменение Пятница, 19 Январь 2024 04:26
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.