Ас тұзын йодтаудың маңыздылығы

Среда, 22 Ноябрь 2023 07:12 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 445 раз

Тұз – адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысына қажетті компоненттердің бірі.

Тұздың йодталған тұз, теңіз тұзы, қара тұз, т.б. түрлері бар. Олардың әрқайсысының адам денсаулығына пайдасы бар. Соның ішінде тұрмыста көп қолданатын йодталған тұздың пайдасы зор.

Әр адам йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады.

Бүгінгі таңда табиғи йодталған тұздың жетіспеушілігінен, тұзды жасанды йодтап пайдалануға мәжбүрміз. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтау қажет.

Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.

Жалпы йод тапшылығы аурулары – организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық жай-күйі. Яғни, йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзын өндіруге, әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз етуге және сақтауға бағытталған.

Тұз өндіруге, оның айналымына және қауіпсіздігіне мынадай талаптар белгіленеді:

- тұздағы йод құрамының нормалары, оның сапасы, қауіпсіздігі, йодтау әдістері, йод құрамы төмендеген кезде қайта йодтау процесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі;

- йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдерді өндіру, сондай-ақ сақтау, тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет;

- өнімдерді өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тұтынушыларға олардың сапасы мен қауіпсіздігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне кепілдік беруге тиіс.

Осыған байланысты, йод тапшылығы ауруының алдын алу мақсатында, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті асқа йодталған тұзды пайдалануды ұсынады!

 Шымкент қ. СЭБД бас маманы С. Алибекова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.