Шымкентте дүниежүзілік жер күніне орай семинар өтті. ASA жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өткен семинарға 40-қа жуық жас қатысып, қазіргі климаттық жағдайдың бұзылуы жөнінде дәріс тыңдады. Қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алу туралы ой бөлісіп, түс қайта дендробақта ағаш егу дәстүрімен жалғастырды.

TalEgu

Шымкент қаласы Дін басқармасының ұйымдастыруымен қала жастары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Noextremism, Noterrorism» акциясы өтті. Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент көпсалалы колледжінде болып, жастарға қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық шараларын жүргізуде.

Атақты суретші Леонардо Да Винчиді білетін боларсыз. БЦП диагнозы қойылған солақай суретші – әлемге танымал Мона Лиза картинасының авторы. Дәл осындай ерекше жандардың ішінде есімі әлемге әйгілі тұлғалар жетерлік: Моцарт, Эйнштейн, Мария Кюри, т.б.

2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды. Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді.

Ет өндірісі 16 пайызға артқан

Среда, 24 Апрель 2024 04:35

2023 жылы Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (алдын ала мәліметтер бойынша) 52400,2 млн. теңгені құрады. Бұл 2022 жылға қарағанда 0,3 пайыз жоғары. Оның ішінде мал шаруашылығы 34457,4 млн. теңгені құрап, 13,3 пайызға артса, өсімдік шаруашылығы 17465,9 млн. теңгені құрап, 19,1 пайызға кеміді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Среда, 24 Апрель 2024 04:35

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып отыр. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ. Оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және уланған адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Шымкентте шахматтан ҚР әйелдер арасында тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаеваның кубогы үшін студенттер арасында турнир өтті. Турнирге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева және оқу орындарының басшылық құрамы қатысып, шахматшыларға сәттілік тіледі.

Mat

Страница 4 из 804