Ет өндірісі Шымкент қаласы бойынша шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2022 жылмен салыстырғанда 16,0 пайызға артып, 10,3 мың тоннаға жеткен. Ал, сиыр сүті 9,7 пайыз, яғни 59,6 мың тоннаны, ал тауық жұмыртқасы 171,5 млн. данаға жетіп, 20,8 пайызды құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 32,1 пайызға артып, 97,6 мың басқа жетті. Оның ішінде жылқы – 21,1 мың (36,4%), қой мен ешкі –125,8 мың бас (52,4%). Ал, құстар 2,1 пайызға кеміп, 859,0 мың басты құрады.
А.ӘЛІМБЕКОВА,
Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта
статистикасы бөлімінің бас маманы