Ұлттық санақ мемлекеттің даму бағытын айқындайды
Пятница, 06 Август 2021 04:07Апта басында сүйіншілеген хабар елге лезде тарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтай отырып, республикада халық саны 19 миллион болғанын ресми жариялады. Алматы облысында дүниеге келген сәби Жәния Азаматқызы Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болып тіркелуі елге үлкен қуаныш сыйлады.
Шымкент – татулық бесігі
Среда, 04 Август 2021 04:48Әлемде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі әр этнос өкілінің мүддесін қорғаушы ұйым. Ол ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының Жарлығымен 1995 жылдың 1 наурызында Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды. Қазақстан қоғамының беріктігіне негіз болар ұлтаралық татулықты қалыптастыру ел тәуелсіздігі жарияланған тұстан бастап қолға алынды десе де болады.
Психологиялық салон: отбасы татулығын сақтауға көмектеседі
Пятница, 30 Июль 2021 04:10Шымкентте дағдарыс орталықтарынан «Психологиялық салон» ашылды. Салондағы психологтар отбасындағы зорлық-зомбылық, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсартуға, ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілікті жоюға көмектеседі. Тұрмыстық түйткілдердің түйінін тарқатуға тырысқандар көкейдегі көп сұраққа психологиялық салоннан жауап табуда.
Орайы келгенде осы жобаның авторы – Қазақстан Кәсіби психологтар лигасының мүшесі, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Лимана ҚОЙШИЕВАМЕН сұхбаттасқан едік.
#3 Шымкент – тоқыма өндірісінің орталығына айналды
Среда, 28 Июль 2021 03:39Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында өндірілетін тауарлардың 20,7 пайызы Шымкентте жасалады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғаюда. Мәселен, Шымкентте биыл жылдың алғашқы бес айында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 миллиард 566,7 миллион теңге болды. Өткен 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 134,1 пайызға артқан.
Отбасы институтын нығайту мәселесі талқыланды
Пятница, 23 Июль 2021 03:54Шымкентке ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова бастаған топ арнайы келді. Шымкенттік қоғам белсенділерімен кездескен, заң жобасын талқыға салған жиынды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, жүргізіп отырды.
Жүкті әйелдер жиі жұқтыруда
Среда, 21 Июль 2021 04:31Соңғы күндері «қызыл» аймақта тұрған Шымкентте коронавирустық инфекцияға шалдыққандар арасында жүкті әйелдер көбейіп кетті. Қазір дәл осы дертпен және өкпе қабынуы диагнозымен медициналық ұйымдарда 115 әйел жатыр.
Үнді штамы неге қауіпті?
Среда, 14 Июль 2021 04:20Коронавирустың «Дельта» – үнді штамы деп таңбаланған түрі өкінішке қарай қазақ жеріне де жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері көңіл көншітпейді. Шымкент қаласы әлі де «қызыл» аймақта. Адамдар арасында коронавирустың мутацияланған бұл түрі сәт сайын таралуын тоқтатпауда. Қала аумағында санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту шаралары, жұқпалы дерттің кең етек жайып кетпеуіне тосқауыл жасау амалдары күшейтілген.
Дегенмен мәселенің мән-жайын айтып беру үшін Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВПЕН сұхбаттастық.
Елордада жүрсе де Шымкентке елеңдейді
Пятница, 09 Июль 2021 04:57Еліміздің әр аймағында тамырын Шымкенттен тартатын азаматтар аз емес. Бірі білім қуалап, енді бірі қызмет бабымен еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр. Дегенмен, Шымқаланы кезінде түлетуге, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың орны бөлек. Олар бүгінде алыста жүрсе де туған қаласына елеңдеп, кем-кетігін байқаса, түзетуге дайын тұрады. Сондай жандардың бірі – Нұрлан Әуесбаев.