Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді.
– Биылғы 8 айда инфляция 5,4% болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті, – деді Д.Ақышев.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.