Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын бірінші жұмыс күнінің қорытындысы бойынша және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.
Егер 2023 жылғы 6 наурызда жүргізілген қайта бағалау қорытындысы бойынша теріс инвестициялық табыс 254 млрд теңге мөлшерінде қалыптасса, 2023 жылғы 13 наурызда қайта бағалау 344 млрд теңге мөлшерінде табыс әкелді. Алынған кіріс құрылымындағы неғұрлым маңызды көрсеткіштер мынадай: зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін валюталық қайта бағалаудан түскен кірістер 136 млрд теңге, сыртқы активтердің бағасы 81,5 млрд теңгеге өсіп, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 99 млрд теңге болды. Негізінен нарықтық қайта бағалаудың ұлғаюына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі облигацияларының және шетелдік эмитенттердің үкіметтік қағаздарының нарықтық құнының өсуі әсер етті.
Осылайша, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінетін инвестициялық кіріс тұтастай алғанда қаржы нарығындағы жағдайға байланысты. Өйткені, ол бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. қалыптасады. Бұл ретте инвестициялық портфельді әртараптандыру, бір құралдар бойынша кіріс басқа құралдар бойынша уақытша залалдарды жабатын болса, ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.
Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі болып табылатынымүлдем ашық: инвестициялық кіріс enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде көрсетіледі. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).