Сәйгүлікке мініп жаттығып жүр Избранное

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:21 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 267 раз

Шымкент «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент-Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.

701

 

Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты. Балалардың бәрі ат үстіне отырып, мәз-мейрам боп, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.
Иппотерапияға қатысқан балалардың басым көпшілігінде ой-өрісінің кеш дамуы, қимыл-қозғалысының әлсіздігі бар. Ал оны емдеуге жылқыға мініп жаттығу көмектеседі.
Жылқыға мініп жаттығу арқылы емдеудің тиімділігін дәрігерлердің өзі мойындаған. Бүгінде ерекше балалар сәйгүліктерге мініп біраз серуен құрды. Таңдап алынған жылқылар салт жүріске жайлы, тарпаң мінезі жоқ, жуас. Атпен серуендеу ең алдымен тамаша массаж. Ат үстіндегі адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді.
Иппотерапияның пайдасы мынадай:
- Дене белсенділігі арттырады;
- Жаңа қабілеттерін ашуға көмек етеді;
- Психикалық оңалудан өтуге үлес қосады;
- Цеберальды сал ауруларын оңалтуда септігін тигізеді;
- Ойлау қабілетін жақсартады;
- Бойдағы қорқыныш пен үрейден арылтады.
Қосалқы мектеп-интернатының меңгерушісі де балалардың айырықша қуанғанын айтып, Шымкент-Циркке алғысын білдірді. Алдағы уақытта цирк ұжымы ерекше балалардың оңалуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.